Call Center
+7 (727) 2 444 777

Барлық аймақтар үшін
+7 (код) 258 77 44


ИНФОРМАЦИОННАЯ ПОДДЕРЖКА ДЛЯ КЛИЕНТОВ

НА МЕСТЕ СТРАХОВОГО СОБЫТИЯ:
+7 (727) 2 444 777 вн. 3


ОБЩАЯ ИНФОРМАЦИЯ ПО СТРАХОВЫМ ВЫПЛАТАМ:
(в рабочее время)
+7 (727) 2 444 777 вн. 5
или
почта: usv@allianz.kz

Allianz Kazakhstan коммерциялық жылжымайтын мүліктің 2 ірі объектісін сақтандырды

28.07.2010
Шымкенттің ең ірі «Алтын-Орда» атты бизнес-орталығы мен «Баян-сулу» сауда орталығы Allianz Kazakhstan компаниясында тәуекелдердің толық пакеті бойынша мерзімі бір жылға және әрі қарай мерзімін ұзарту шартымен сақтандырылды.

Ғимараттар өрт, найзағай түсу, жарылыс, табиғи апаттардан, тасқын, жер қабатының отыруы, көшкін, таудағы опырылып құлау, тас құлау, сел жүру, дауыл (боран), құйын, қара құйын, сел тасқыны, жерасты суларының әрекеті, ұшу аппараттарының құлауы, бөтен объектілер залалдарының тиюі, көлік құралының қағып кетуі, үшінші тұлғалардың қарсы әрекеті, бұзып ұрлау, қарақшылық шабуыл, тонау, судың басып кетуінен сақтандырумен қамтамасыз етілген.

Сақтандыру бағдарламасымен ғимараттар, оның ішінде ішкі өңдеу мен инженерлік жабдықтардың кешенді қорғалуы.

Allianz Kazakhstan компаниясының басшысы Жанар Калиева атап көрсеткендей, «заңды тұлғалардың мүліктерін сақтандыру компаниямыздың басым бағыттардың бірі болып саналады және де біз осыған бар зейінімізді салып отырмыз. Бірінші жарты жылдықтың ішінде компания заңды тұлғалардың мүлкін, соның ішінде кепілзаттық мүлікті 125 683 млн. теңгеге өзінің жауапкершілігіне алды. Тәуекелдерді сақтандыру және оларды алдын алу саласындағы жинақталған тәжірибе, сонымен бірге сенімді алдын ала сақтық қорғау бізге бәсекелестік басымдықтарды және тұтынушылардың бізге деген сенімін қамтамасыз етеді. Ал біз болсақ оларға өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз».



Жаңалықтарға оралу