Allianz Kazakhstan жүктерді сақтандыру келісімі бойынша 4 млн. теңгеден астам соманы өтеді
24.08.2010Сақтанушы (мұнай компаниясы) логистикалық компаниясымен үнді теңіз портынан Стамбұлдағы қоймаға дейін электр үлестіру карталарын тасымалдау бойынша келісімін бекіткен. Содан кейін жүк Қазақстандағы Қашаған құрылыс теліміне жеткізілді. Қазақстандағы белгіленген мекенге жеткен соң, сапаны бақылайтын инспекторлар жүкті тексеріп шықты. Тексерудің нәтижесінде тасымалданған жүктің табиғи тозуы анықталды: қорап пен бума су болып шықты. Сақтанушыға сақтандыру өтемі 212 528 теңге көлемінде өтелді.
Тағы да жүкпен байланысты екі сақтандыру жағдайы, осы мұнай компаниясымен ауа салқындатқыш құрылғыларын Кореяның теңіз портынан, Мариуполь (Украина) портына теңіз бойымен тасымалдаған кезде орын алды. Ары қарай жүктер темір жол арқылы West Site Eskene (Қазақстан) атты жерге тасымалданды. Қазақстанға жүктер жеткізілген соң, сапаны бақылау инспекторларымен жүктерді тексеру кезінде құрал-жабдықтардың айтарлықтай бүлінуі анықталды. Жүктерді рельсті вагондарға тиеген кезде, жүктерді тиейтін ашалы жүк көтергіштер жүктерге өз залалын келтірді. «СК «Allianz Kazakhtstan» АҚ мұнай компаниясына 4 001 772 теңге сомасын өтеді.

