Call Center
+7 (727) 2 444 777

Барлық аймақтар үшін
+7 (код) 258 77 44


ИНФОРМАЦИОННАЯ ПОДДЕРЖКА ДЛЯ КЛИЕНТОВ

НА МЕСТЕ СТРАХОВОГО СОБЫТИЯ:
+7 (727) 2 444 777 вн. 3


ОБЩАЯ ИНФОРМАЦИЯ ПО СТРАХОВЫМ ВЫПЛАТАМ:
(в рабочее время)
+7 (727) 2 444 777 вн. 5
или
почта: usv@allianz.kz

Мемлекет басшысы сақтандыру қызметі туралы заңнамаға өзгертулерді енгізу туралы заңға қол қойды

18.07.2010
Астана. 18 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Осы құжатта сақтандыру ұйымдары облигацияларды шығаруға тыйым салынған, ұйымдармен заемдарды тартуға шектеулер қойылып, делдалдық қызмет көрсетуге қосымша талаптар қойылған. Сонымен қатар 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру агенті клиентпен сақтандыру келісімін жасасқан кезде агент клиенттен қолма-қол ақшаны алуға тыйым салынады.

Қаржы қадағалау агенттігінің (ҚҚА) деректеріне сүйенетін болсақ осы құжаттың негізгі мақсаттары ол сақтандыру қызметінің тұтынушылардың мүдделерін қорғауды күшейту, өмірді сақтандыру деңгейін жоғарылату, сақтандыру ұйымдарына шоғырландырылма қадағалауын енгізу, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

Сонымен бірге сақтандыру агентінің құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілігі бекітілген, сақтандыру агентінің құқықтары мен міндеттері нақтыланған, сақтандыру делдалы мен сақтандыру агентінің делдалдық қызметіне арнайы салық тәртібінің таралмайтыны жөнінде өзгертулер қарастырылған.

Республиканың қаржы нарығында ҚҚА-ның берген лицензияларына сәйкес 41 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қызмет етеді, сонымен қатар өмірді сақтандыру қызметтерін көрсетуге 7 ұйымдардың лицензиялары бар, ал көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға 28 ұйым қызмет көрсете алады. Сонымен қатар сақтандыру нарығында 13 сақтандыру делдалы мен 63 актуарий сақтандыру қызметін көрсетуде.

Сақтандыру төлемақысына кепілдік беру жүйесінде 31 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысуда.

Қазақстан халқының саны 16,2 млн. адамнан астам.



Жаңалықтарға оралу