Сақтандырушылар BP платформасындағы апатты сақтандыру тарифтерін өсіру үшін пайдаланып қала алады
07.06.2010Нью-Йорк. 7 маусым. ИНТЕРФАКС-АФИ – әзірге сақтандыру компанияларының Мексика бұғазындағы BP мұнай өндіруші компаниясының платформасындағы апаттан және исландиялық жанартаудың атылуынан шеккен зардаптары салыстырмалы түрде шамалы болса да, бүкіл әлемдегі сақтандырушылар осы оқиғаларды тарифтерді өсіру үшін пайдаланып қала алады, деп санайды Moody's халықаралық рейтингтік агенттік аналитиктері.
Алдын-ала жиналған мәліметтер көрсетіп отырғандай, бұл оқиғалардың салдарынан сыйақылар мөлшері біршама өсіп отыр, мұнай төгілген сайын келтірілетін шығындар тарифтердің өсу қарқындығын тездете алады.
Қазіргі уақытта Deepwater Horizon атты тереңдегі мұнай өндіретін платформадағы апат салдарынан сақтандырушылар шеккен зиян мөлшері 611 млн. долларға жетіп отыр, залалды бағалау және апат салдарын жою барысында бұл санның өсуі әбден мүмкін.
Сақтандырушылардың ықтимал шығындарының жалпы сомасы 1,4 млрд. доллардан 3,5 млрд. долларға дейінгі аралықта болады деп болжалып отыр. Ең көп шығынға ұшыраған – 200 млн. доллардай мөлшердегі шығынды өтеуге мәжбүр болған швейцариялық Swiss Re компаниясы.
Алайда, сақтандыру саласы апат шығындарының тек 20 % ғана орнын толтырды, деп хабарлады Catlin Group атты британдық қайта сақтандырушының бас атқарушы директоры, Стивен Кэтлин, оның бұл сөздерін The Wall Street Journal келтіріп отыр.
Шығындар болжалып отырған аралықтың ең жоғары шегіне жеткен күннің өзінде де, сақтандыру саласының жалпы шығындары 2005 жылы болған Катрина дауылы кезінде келтірілген 41 млрд. доллар көлеміндегі шығыннан айтарлықтай аз болады.
Сондай-ақ, сақтандыру компаниялары осы жылдың сәуір айындағы исландиялық жанартаудың атылуының шығындарынан сақтанып қалды, бұл оқиғаның нәтижесінде бүкіл әлемде жүздеген авиарейстер алынып тасталған еді. Сарапшылардың айтуы бойынша, көп наразылық тудырған әуежайлардың жабылуы, тіпті тікелей жанартау күлінің аумағында болмаған әуежайлардың жабылуы апаттардан сақтануға, және нәтижесінде, сақтандыру саласындағы шығындардан сақтануға мүмкіндік берді.
Moody's сарапшылары айтып отырғандай, жанартау атылуы жағдайына қарағанда, ВР платформасындағы мұнай төгілуінен келген шығындарды өтеуді талап ететін шағымдардан құтылуға мүмкіндік болмайды. Бірақ бұл жағдайда да сақтандырушылардың шығындарды өтеуі қажет болмайды, себебі ВР апат болатын жағдайда сақтандыруды пайдалануды емес, өз ішкі қорларын құруды жөн көрді.
Болжамдарға сәйкес, 2005 жылғы дауылдардан айтарлықтай күшті бола алатын басталып келе жатқан дауылдар маусымы сақтандыру компанияларының алаңдаушылықтарын тудырып отыр. Егер ВР компаниясының мұнай төгілуін тоқтату және мұхитқа төгілген мұнайды жинау талпыныстары сәтсіз болса, ал дауылдар мұнайды АҚШ-тың оңтүстік жағалауына жайып тастайтын болса, сақтандырушылар шығындары айтарлықтай өсе алады. Бұл сақтандыру тарифтерінің одан әрі өсуіне әкеп соғуы мүмкін.

