Allianz Кazakhstan туралы
«АТФ Полис» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы 1999 жылдың 22 желтоқсанында құрылды, 2004 жылы ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес ЖАҚ-нан АҚ болып қайта тіркелді. Қазақстандағы екінші деңгейдегі ірі банктердің бірі – «АТФ Банк» АҚ компанияның Құрылтайшысы болды.2003 жылғы 1 сәуірден бастап Сақтандыру Компаниясы «Қазақстан қаржыгерлері Ассоциациясының» заңды тұлғалар Бірлестігінің толық құқықты мүшесі болып табылады. 2003 жылдың қараша айынан бастап Компания «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру Қорының» қызметтес қатысушысына айналды.
2007 жылдың қыркүйек айында компанияның 100% акция пакетін Allianz Group халықаралық сақтандырушы топ сатып алды, компания 2008 жылдың сәуір айында «Allianz S.E.» еуропалық акционерлік қоғамының еншілес компаниясы «Allianz Kazakhstan» акционерлік қоғамы ретінде бақылау органдарынан тіркеуден өтті.
Жан-жаққа тараған филиалдар желісі Қазақстанның барлық аймақтарында және Алматы, Астана қалаларында қызмет көрсетеді.
Allianz Kazakhstan әмбебап компания болып есептеледі, өйткені ол сақтандырудың барлық түрлерін жүзеге асыруға қатысты.
2009 жылдың қорытындылары бойынша Allianz Қазақстан сақтандырушылардың үздік бестігіне кіреді.
Allianz Kazakhstan тобының қызметін халықаралық және отандық ірі компаниялар қолданып жүр, олардың арасында атап айтсақ, Agip North Caspian Operating Company N.V., «Maersk Oil Kazakhstan GMBH» компаниясының филиалы, «КАЗЦИНК» АҚ, Enka Insaat ve Sanayi A.S., ҚР Президентінің істері жөніндегі Басқарманың «Беркут» мемлекеттік авиакомпаниясы РГП, «Каспий құбыр-өткізгіш консорциумы – К», «Делойт и Туш» ЖШҚ, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» филиалы, «Кар-Тел» ЖШҚ, «ТД Heaven house» ЖШҚ, «Тенгизстройсервис» ЖШҚ, «Michael Wilson and Partners», «Procter & Gamble Kazakhstan» ЖШҚ, TH KazmunaigazAG, «Нефтестройсервис Лтд» ЖШҚ, «31 арна ТРК», «Тенгизнефтестрой» АҚ.
Сенім, клиентке бейімделушілік және жаңашылдық Қазақстандағы Allianz қызметінің негізгі принциптері болып саналады. Allianz қазіргі сақтандыру технологияларын дамыту, қызмет көрсету саласында жаңашыл компания екендігімен, сондай-ақ клиентке компания өнімінің сақтанушылардың қажеттіліктеріне аса толық деңгейде сәйкесуіне мүмкіндік беретін жекеше қадам жасауымен, қызмет көрсету сапасының халықаралық қалыпқа бейім болуымен ерекшеленеді.

