Call Center
+7 (727) 2 444 777
Барлық аймақтар үшін
+7 (код) 258 77 44
ИНФОРМАЦИОННАЯ ПОДДЕРЖКА ДЛЯ КЛИЕНТОВ
НА МЕСТЕ СТРАХОВОГО СОБЫТИЯ:
+7 (727) 2 444 777 вн. 3
ОБЩАЯ ИНФОРМАЦИЯ ПО СТРАХОВЫМ ВЫПЛАТАМ:
(в рабочее время)
+7 (727) 2 444 777 вн. 5
или
почта: usv@allianz.kz
Сақтандыру бағдарламалары тізімі
-
«Парасат»
«Парасат» сақтандыру бағдарламасы жұмыссыздық тәуекелінен банктердің қарызгерлеріне арналған.
-
«Сенім»
«Сенім» сақтандыру бағдарламасы үшінші тұлғалардың мүлкі мен денсаулығына келген зияны бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің орнын толтыруын көздейді.
-
«Тамаша»
«Тамаша» сақтандыру бағдарламасы жылжымалы мүлікті сақтандыру бойынша залалдардың орнын толтырады: жиһаз, ұйымдастыру техникасы, құрал-сайман, дайын өнімдер, тауарлар және жадығаттар.
-
Автокөлікті сақтандыру (КАСКО)
Автокөлікті сақтандыру Сақтанушыға автокөлікті ұрлау немесе оған залал келтіру жағдайында күтпеген шығындардан құтылуға мүмкіндік береді.
-
Кеден органдарының алдындағы АҚЖ сақтандыру
Кеден органдарының сақтандыру оқиғасының нәтижесінде келтірілген залалды өтеу туралы талап қойған жағдайында сақтандыру шарты Сақтанушыны қорғауды қамтамасыз етеді.
-
Жүктерді сақтандыру
Сақтандыру келісімшарты жүктердің түгелдей немесе бір бөлшегінің айрылу (опат болуы) залалдарынан болған шығындарды өтейді.
-
Жазатайым жағдайдан сақтандыру
Жазатайым жағдайдан сақтандыру сақтанушының өліміне немесе еңбекке қабілеттілігін толықтай/бөлшектей жоғалтуына әкеп соқтырған жазатайым жағдай болғанда сақтандыру төлемін жасауды қамтамасыз етеді.
-
Мүлікті залалдан сақтандыру
«Allianz Қазақстан» СК АҚ салыстырмалы түрде шамалы төлемге күтпеген шығындардан құтылуға және залал келтірілген немесе қаза болған мүліктің орнын жылдам толтыруға мүмкіндік береді.
-
Ерікті мәртебелік сақтандыру
Мәртебелік сақтандыру жылжымайтын мүлікке ие болу құқығының тоқтауы нәтижесінде келтірілген шығынның пайда болуымен байланысты Сақтанушы шығыстарының орнын толтыруға мүмкіндік береді.
-
Шет елдеріне шығатын азаматтарды ерікті медициналық сақтандыру (туристерді сақтандыру)
Шет елдеріне шығатын азаматтарды сақтандыру Сақтанушының шет елде болған кезінде медициналық көмек шығындарын, немесе басқа да қосымша шығындарын өтеуге мүмкіндік береді.